ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР-ң 16.04.1997 жылғы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабы, 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санаты бойынша, кезекте тұрған азаматтар арасында сатып алу мен жалға алу үшін өтініш қабылдау басталғандығы туралы

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы аяқталған «Байтерек Девелопмент» АҚ-ң Тараз қаласы, «Арай-2» мөлтек ауданы, №5, №6, №7 үйлерде орналасқан «таза» әрлеуден өткен 1 бөлмелі пәтерлерді кейінен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу үшін өтініштер 2017 жылдың 21 желтоқсанынан 22 желтоқсан күніне дейінгі аралықта қабылданатыны туралы хабарлайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш қабылданбайды.

1) 1-бөлмелі пәтер саны 10, жалпы ауданы – 36,9

 

Өтініш беруге қойылатын негізгі талаптар:

 

1. Өтініш

2. Жеке куәлік көшірмесі;

3. Өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама;

 

Құрылыс нысандары мен құжаттар тізімі бойынша толық ақпарат алып, өтініш беруге болатын мекен-жай: Тараз қаласы, «Астана» ықшам ауданы (12), №31 үй, байланыс телефоны: 8(7262) 34-13-94.

Өтініш Тараз қаласы, «Астана» ықшам ауданы (12), №31 үйде 3 кабинетте қабылданады.

Пікір: 0
Пікір қосу