ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараздағы сауықтыру орталығында қылмыстық іс орын алды

Тараздағы сауықтыру орталығында қылмыстық іс орын алды

2017 жылдың 20 шілдесі күні Тараз қ. ІІБ Жедел басқару орталығына белгісіз тұлғалармен жарақатталған Сарысу ауданы Жайлаукөл аулының 19 жасар тұрғынының №1 Тараз қалалық ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған дерек бойынша 20.07.2017 жылы ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.

Істің мән-жайы:

20.07.2017 жылы 14:00 және 15:00 сағат аралығында Тараз қаласы, Көшеней көшесі,№ 180 мекен-жайы бойынша орналасқан «Алнұр» сауықтыру орталығының 1996 жылы туылған күзетшісіне белгісіз тұлға тергеумен анықталмаған затпен, дене жарақаттарын келтіріп, белгісіз бағытта бой тасалап кеткен.

Жәбірленуші №1 Тараз қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Жедел-тергеу тобымен оқиға орнына қарау жүргізіліп, куәгерлерден жауап алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камерасындағы материалдар зерделенді. Бейнежазбада құқықбұзушылық болған уақыттағы іс-әрекеттер толық және анық белгіленген.

 21.07.2017 жылы қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 7-бөлігіне, яғни, бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр  зиян келтіру негізінде қайта дәрежеленген. Дәл осы күні жәбірленушіден күдіктіні фото сурет бойынша тану ұсынылып, нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 1998 жылы туылған азамат Ә. ұсталынды.  

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір: 0
Пікір қосу