ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Астанада тұңғыш рет мұздағы мотожарыстан Әлем чемпионаты өтеді

Астанада тұңғыш рет мұздағы мотожарыстан Әлем чемпионаты өтеді

Фото: Спорт Хакасия

Астанада 3-4 ақпанда мұздағы мотожарыстан жекелей Әлем чемпионатының алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстанға 2018 жылғы маусымдағы бес кезеңнің алғашқысын өткізу мәртебесі бұйырды. Қалған финалдық жарыстар дәстүрлі түрде Ресей, Голландия, Германияда өтеді.

Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы кезеңнің ерекшелігі – жабық кешеніндегі «Алау» мұз айдынында өтуі.

Халықаралық мотоциклшілер федерациясының арнайы комиссиясы мұз айдынды толық тексерістен өткізіп, жарысқа дайындығын жоғары бағалады.

Еске сала кетсек, Астанадағы кезеңде еліміздің үздік спортшылары wild-card (Wild card – жарыс қожайындарының өкіліне берілетін арнайы жолдама) арқылы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Дереккөз: baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу