ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының екінші аптасы басталды

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының екінші аптасы басталды

  Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі төраға Африка Одағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан төрағалығының екінші аптасы басталды. Ол бірқатар мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Соның бірі 2010 жылы мамырдағы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес Конго Демократиялық Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақтандыру жөніндегі миссиясының жұмысы туралы консультациялар өткізу.

Қазақстандық дипломаттардың төрағалығымен өтетін тағы бір кездесу - 2003 жылы Судан үкіметі мен көтерілісшілер  арасында тұтанған соғыс нәтижесінде құрылған Дарфурдағы Африка Одағы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының аралас операциясының жүзеге асуына шолу болады. Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың  БҰҰ-ның басты органына алғаш мүше болған кездегі Қауіпсіздік Кеңесі мүшелеріне арнаған Саяси үндеуінде негізгі басымдықтардың бірі Африкадағы ахуал болғаны кездейсоқ емес. Ал апта соңында Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің алдында өз жұмысы жайлы БҰҰ-ның Сахель және Батыс Африка бөлімдері, сондай-ақ Судан бойынша Сараптама тобы есеп береді. Онда талқыланатын мәселелер ішінде Астана процесінің сегізінші раунд нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік беретін Сириядағы ахуал, сонымен қатар осы елдің үкіметімен революциялық қарулы күштер арасындағы бейбіт келісім аясында былтыр құрылған  Колумбиядағы БҰҰ-ның арнайы саяси миссиясының жұмысы талқыланады. Аталған мәжілістің барлығын Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде жабық режимде өткізеді.
Дереккөз: 24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу