ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Астанада 9-11 қаңтар аралығында дабылды ескерту жарияланды

Астанада 9-11 қаңтар аралығында дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты 9-11 қаңтар күндері Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту
©Pavlodarnews.kz

Синоптиктердің болжауынша бұл күндері Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

«9 қаңтарда күндіз, 10-11 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с құраса, 11 қаңтарда оның екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Дабылды ескерту ықтималдығы – 90-95 %», – делінген хабарламада.

Астана қаласы ТЖД-нің мамандары қалалықтардан қырағылық танытып, төтенше жағдайлар кезінде 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлауды сұрайды.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу