ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бүгіннен бастап. Жол ережесіндегі қандай айыппұлдар төмендетілді

Бүгіннен бастап. Жол ережесіндегі қандай айыппұлдар төмендетілді

 Заңдарымыз тез өзгергіш болып барады. Былтыр ғана бас салып айыппұлдарды өсірген билік енді оны қайтадан азайтып қойды. Артық кетпейін деді ме, халықты аяды ма, кім білсін?

 

Биыл 9 қаңтардан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтың 40 құрамы бойынша айыппұлдар төмендеді.

Сонымен, бұрын полицейлер «страховкасыз» жүргендерді 20 АЕК айыппұлмен қорқытып келсе, енді оның айыппұлы 10 АЕК-ке төмендеді.

Мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғандардың айыппұлы адамның ақылына сыймайтын 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке, немесе 24 050 теңге түсті. Былтыр бұл айыппұл 113 450 теңге болған.

Бұрын жаяу жүргіншілер және жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол ережесін бұзған жағдайда АЕК (11 345 теңгеайыппұл салынсаенді ол 2 АЕК болды (4810 теңге).

Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін арттырғандарға салынатын айыппұл 10-нан 5 АЕК-ке түсті. 20-дан 40-қа дейін арттырғандардың жазасы 15-тен 10 АЕК-ке дейін азайды.

Ал жылдамдық ережесін рұқсат етілгеннен сағатына 40-тан астам шақырымға арттырғандардың айыппұлы 40 АЕК-тен 30 АЕК-ке төмендеді.

Сонымен бірге, ереже бұзу дерегі автоматты түрде жұмыс істейтін арнайы камералар арқылы тіркелген жағдайда да айыппұлдарға 50 пайыздық жеңілдік берілетін болды. Ол үшін айыппұлды салынған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеу керек.

Дереккөз: baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу