ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жыл басы облыстық денсаулық сақтау басқармасында жаңа қарқынмен басталды

Жыл басы облыстық денсаулық сақтау басқармасында жаңа қарқынмен басталды

  Басқарма қызметкерлері емдеу-алдын алу мекемелерін аралап, халықпен кері байланыс орнатуға, яғни жеке сұрақтары бойынша олардың сала бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдап, арыз-шағымдарын қабылдауға шықты.

Бүгіннен бастап облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысынан бастап, бөлім қызметкерлеріне дейін барлығы дерлік облыстағы барлық емдеу-алдын алу мекемелерін аралап, халықтың салаға қатысты пікірін немесе медицина қызметкерлеріне көзқарасын біліп, айтатын арыз-шағымдарын өздері барып, қабылдауға шықты. Азаматтарды қабылдаудан бастап, науқастарға кіріп, жағдайын біліп, олардың сала қызметкерлеріне деген пікірін біліп қана қоймай, этика, деонтология талаптарын орындауы, жалпы ақ халаттылардың өздеріне қарым-қатынасын білуге арналатын іс-шараның мақсаты – тұрғындардың салаға пікірін, көзқарасын анықтау, кері байланыс орнату.

Пікір: 0
Пікір қосу