ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.

Кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады. Бұған дейін хабарланғандай, 27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады; тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Дереккөз: baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу