ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Кәрім Көкірекбаев «Тілектер шыршасын» аралап көрді

Кәрім Көкірекбаев «Тілектер шыршасын» аралап көрді

 Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «Small», «Smart» және «Дәмдес» сауда орталықтарында орналасқан «Тілектер шыршасына» да ат басын бұрды.

Аймақ басшысы бүлдіршіндердің армандарын ақ қағаздан оқып, жаңа жылды жаңаша көңіл-күймен, тап-таза тілекпен қарсы алатын балаларға бар бақытты тілейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, аталған акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Яғни, әр баланың жаңа жылдық бір арманын орындау үшін Тараз қаласы мен облыс аудандарындағы ірі сауда орталықтарында арнайы безендірілген шыршалар орнатылып, онда балалардың тілектері жазылған конверттер ілінді.

Сауда үйіне аялдаған азаматтарға арнайы мамандардың түсіндіруімен конверттер таңдалып, бүлдіршіннің арманы оқылады. Конвертті ашқан азамат бүлдіршіннің тілегін жаңа жылға дейін орындауы міндетті болып табылады.

Айта кетерлігі, «Тілектер шыршасы» акциясы ағымдағы жылдың 20-30 желтоқсаны аралығында өткізіледі.

 

 

Пікір: 0
Пікір қосу