ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

  Бүгін ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Жуалы аудандық бөлімшесінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.

Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, қызмет көрсету орталығының халыққа пайдасы ұшан-теңіз екендігін атап көрсетті.

- Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудандарыңызда үлкен қуаныштың куәсі болып отырмыз.

2007 жылы ашылып, 10 жылдан астам тар, ыңғайсыз үй-жайда жұмыс атқарып келген халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударып, жұмысын кең, жайлы ғимаратта бастағалы отыр.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгін тұрғындарға бiр орталықтан ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге мүмкiндiк туды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны.

Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. «Құжатсыз тарих болмайды, тарихсыз мемлекет болмайды» деген бұрынғыдан жеткен дана сөзде айтылғандай, халықтың құжат мәселесін реттеу бір жолға қойылып отыр.

 Ел басының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында мемлекеттік

қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды.

Корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Тұрғындар мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады.

Жыл сайын көрсетілетін қызметтер саны артуда. 2007 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен болса, қазіргі таңда 618-ге дейін елеулі түрде өскен, - деді Бекболат Орынбеков.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы 2016 жылы бастау алған болатын. Жалпы алаңы 1003,10 кв/м-ді құрайды. Жобалық құны - 120 млн. теңге.

 

Пікір: 0
Пікір қосу