ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Шалғай ауылға ұялы байланыс орнатылды

Шалғай ауылға ұялы байланыс орнатылды

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарсаңында Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Қарабөгет, Құмөзек, Сарыөзек ауылындарына ұялы байланыс іске қосылды. Бұл 1500-ден астам тұрғыны бар Қарабөгет ауылдық округі тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды.

Аталған шараның іске асуына 1987 жылы Құмөзек аулындағы Ы.Алтынсарин мектебін бітірген түлектер атсалысты. Барлық ұйымдастыру, құжаттама, рәсімдеу жұмыстарына облыстық маслихаттың депутаты Жайдар Әйтішев мұрындық болып, сайлауалды бағдарламасын, сайлаушылар аманатын атқарды.

Осы тұста айта кетейік, бұл шара «Туған жерге тағзым» акциясы аясында іске асып отыр.

Пікір: 0
Пікір қосу