ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшу – заман талабы

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшу – заман талабы

 Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын насихаттауға бағытталған ақпараттық түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік  жобасы аясында «Арай Плаза» бизнес орталығында кездесу өтті. Басқосуға мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала қызметкерлері, мектеп басшылары мен мұғалімдер, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдар, тіл жанашырлары, оқушылар мен студенттер,  зиялы қауым мен қалалық, облыстық, республикалық БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ҮЕҰ көшбасшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.

Шара қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндіру,  Елбасының Жарлығымен қабылданған жаңа әліпбиді кеңінен насихаттауға арналды. Жиында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның  мүшесі, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек пен журналист Қанат Әуесбайұлы «Латын қарпіндегі Қазақ әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дәрістер оқыды. 

  

Пікір: 0
Пікір қосу