ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Астана билігі Facebook хэштегі бойынша шағымдарға жауап береді

Астана билігі Facebook хэштегі бойынша шағымдарға жауап береді

 Астаналық әкімшілік Фейсбук желісіндегі #astana109 хэштегі арқылы елорда тұрғындары мен қонақтарының арыз-шағымдарына жауап беруге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астана тұрғындары мен қонақтарының арыз-шағымдарына жедел жауап беру мақсатында өз жазбаларыңызда #astana109 хэштегін көрсетіп, «Астана мониторинг және жедел жауап беру орталығын» белгілеулеріңізді сұраймыз», - делінген орталық хабарламасында. Айта кетейік, қалалық мониторинг және жедел жауап беру орталығы тұрғындардың қоңырауларын қабылдап, апатты жағдайларда коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіреді, қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы құқықбұзушылық оқиғаларды анықтайды және бақылайды. Қалалық мониторинг және жедел жауап беру орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Байланыс номері - 109. Сондай-ақ, тұрғындар «Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы шағым түсіре алады.

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу