ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бала тәрбиелеуде қажет болатын бірнеше кеңес

Бала тәрбиелеуде қажет болатын бірнеше кеңес

  Баланы дұрыс тәрбиелеу туралы кез келген ата-ана ойланады. Себебі баланы тәрбиелеу – әр ата-ананың тікелей міндеті. Алдымен балаңызды қандай етіп көргіңіз келетінін анықтаңыз, алайда бала ойыншық емес екенін түсініңіз. Ол өз алдына жеке тұлға екенін ұмытпаңыз. Жауапкершілік.

Баланы тәрбиелеу – жауапты іс, сондықтан оған байсалдылықпен қараңыз. Балаңыз он сегіз жасқа толғанша, сіз оның ісіне және денсаулығына толықтай жауаптысыз. Мораль. Сізде ұл немесе қыз өсіп келе жатырса, сәйкесінше мінез-құлқын еркектік және әйелдік етіп бөліп қараңыз. Сіз қатты ұл қалап, алайда қыз дүниеге келсе, оған түсіністікпен қарап, қыз баланы нәзік етіп өсіруге тырысыңыз. Кей ата-ана тікелей қыз баланы ұлға ұқсатып (немесе ұлды қызға ұқсатып) өсіреді. Болашақта оған қиын болатындығын түсініңіз. Құрмет. Балаға құрметпен қараңыз. Оған бала кезінен бастап өз ойын айтуға мүмкіндік беріңіз. Бірақ оған пікір айтуға 100 пайыз еркіндік бермеңіз. Бала ненің дұрыс немесе бұрыс екенідігін, орнымен сөйлеуді түсіну керек. Құптай бермеңіз. Баланы ренжітуге болмайды, алайда оның барлық айтқанын істеп отырудан жаман нәрсе жоқ. Бала тәрбиелеуде міндетті түрде тәртіп болуы қажет. Балаға отбасының толық мүшесі ретінде қараңыз. Ол кішкентай болса да, отбасы арасында өз ойын еркін айта алуы керек. Егер бала қателессе, ол дұрыс емес деп айқайлап қана қоймай, не үшін екендігін немесе не істеу керектігін түсіндіріп беріңіз. Балаңыз үлгі аларлық адам болыңыз. Балаңыздың ең көп уақыт өткізетін қоғамы – отбасы. Сондықтан, өзіңіздің әрекетіңіз бен әңгімеңізге мұқия болыңыз. Бала бес жасқа дейін қабылдағыш болып келеді. Осы уақытта оның өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды.
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу