ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Головкин мен «Канелоның» реваншы 2018 жылдың ең табысты кездесуі деп танылды

Головкин мен «Канелоның» реваншы 2018 жылдың ең табысты кездесуі деп танылды

Американың Boxingscene.com танымал сайты 2018 жылы жанкүйерлер көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің рематчын тамашалайтынын жазды. Порталдың жазуынша, спортшылардың қарымта кездесуі осы жылдың ең табысты реваншы болуы мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі sports.kzбасылымына сілтеме жасап.

«Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің промоутерлері боксшылардың реваншы үшін көп уақыт жұмсамайтын шығар. Екі жақ арасындағы келіссөздер ұзаққа созылып кеткеніне қарап, «Канело» GGG-мен жекпе-жекке дейін өзіне басқа қарсылас таңдауы мүмкін деген болжам да болды. Дегенмен, мексикалық және қазақстандық боксшылардың кездесуі 5 мамырда болады деп күтілуде. Бұл осы жылдағы ең табысты жекпе-жек болайын деп тұр. Сондықтан Головкин мен Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен кездесуге қарағанда өздерін жақсы көрсетуге тырысатын шығар», - деп жазылған сайт материалында.

Дереккөз:  baq.kz

Пікір: 0
Пікір қосу