ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ғылым әлі жауабын таппаған сұрақтар

Ғылым әлі жауабын таппаған сұрақтар

  Ғылым – үлкен әлем. Оның түбіне жету үшін бір адамның ғұмыры жетпейді. Сондықтан ғалымдар белгілі бір маман иесі ретінде сол саланы зерттеп, түсінік жасайды. Ғалымдар әр кезде зерттеу жүргізіп, түрлі сұрақтарға жауап табуға тырысады және оны теория жүзінде жариялап жатады. Дегенмен бар ғылымды игеріп тастадым деген ғалым жоқ. Олардың да әлі күнге дейін жауап бермеген сұрақтары бар. 

Әліпби неге бұлай түзілген? 

Кез келген әлем мектептерін аралаңыз, әліпбиіне үңіліңіз, бәрі бір реттілікпен жасалған. Өзгермейді, ауыспайды. Бір білетініміз «әліпби» түсінігі ежелгі Мысырда пайда болды. Мысырдан шыққан әліпби түрлі өзгеріске түсіп, дамып отырды. Уақыт өте келе ол фин әліпбиіне ауысып, кейін грек соңы латын әліпбиімен аяқталды. Әр кезде өзгеріп, жетілдіріліп отырған тілдік бірлік бәрбір түбі сол әліпбиде сақталған реттілікті бұзбаған. Кейбір елдердің әліпбиінде әріптер түсіп қалғаны, ауысқаны болмаса әліпбидің бастапқы бірлігі әлі сақтаулы. Неге? Жауап жоқ. 

Найзағай неге түседі?  Сегізінші сынып мұғалімі физика сабағында сізге найзағайдың неге түсетіні туралы ақпарат береді және ол бұл белгілі бір теорияға негізделген, мен соны толық білемін деп есептейді. Шындығында қателеседі. Себебі найзағайдың неге түсетінін жүз жылдар бойына зерттеп келе жатқан ғалымдар бар. Олар әлі толыққанды жауап берген жоқ. Тек түсінік бар.  Біздің білетініміз мынау, найзағайдың пайда болуына көптеген физикалық ұғымға сай себептер әсер етеді. Мәселен, жылы ауа жоғары көтеріліп бұлттар түзіледі. Бұл бұлттар үлкейіп, олар түнерген бұлт қабатын құрады. Бұл ары қарай оң және теріс зарядтар арқылы қуатты миллиардтаған вольті бар найзағайды құрайды және ол жерге күннің сыртқы температурасынан 4 есеге жоғары температураны көрсетіп ұрылады.  Сіз осы жерде кішкентай ғана нәрсеге мән бердіңіз бе? Біз айтып отырған бұлттар жерге сондай жоғары қарқынды жылдамдықпен және үреймен түсетін зарядты қайдан алады?  Егер қуат көзі туралы ойлайтын болсақ, бұл мүлде қисынсыз нәрсе. Себебі бұлт ішіндегі қуат жолағы он есе аз, ал бұл найзайғайды жасаушы разряд үшін жеткіліксіз. Тағы сұрақ бұл заряд қайдан алынады?  Теория бар. Тіпті бір емес бірнеше теория бар. Солардың бірі бұлт ішіндегі мұз қабаттарының соғылысуынан қуат пайда болады дейді. Ал тағы бір түсінік бойынша, күн сәулесінің әсері-мыс. 

Не үшін ұйықтаймыз?  Миға қонымсыз сұрақ болуы да мүмкін. Тәжірибе жүзінде қарасақ жер бетіндегі барлық тіршілік делік ұйқыға кетеді. Түнімен ұйықтамаған кез келген адам өзінің күндіз қалай шаршағанын және мең-зең болып жүргенін сезеді. Мәселе бұл жерде емес, мәселе неге бұлай?  «Бұл туралы айту, әрине, ығайсыз, бірақ бізге не үшін ұйықтау керек деген нәрсе түсініксіз»,– дейді ғалым, нейролог Майкл Халасс.  Ғалымдар ұйқының мида өзгеріс жасайтынын біледі және бұл қалыпты жағдай. Бірақ ғылым үшін осы «өзгеріс» әлі белгісіз. Қандай өзгеріс? Ұйқы мидың күшін қалпына келтіре ме? Бәлкім ол күні бойына жиналған керексіз ақпараттардан тазартады? Әлде жүйке жүйесіне әсер ете ме?  Бұл сұрақтарға «мүмкін» деген жауап қана ала аласыз. Бірақ адамға ұйқы нақты не үшін керек деген сұраққа теориялық түрде ғылым жауап бере алған жоқ.  Неге есінейміз?  Бәрі есінейді. Тіпті жан-жануарлар да есінейді. Бірақ жауабы жоқ сұрақтың бірі осы.   Адамдар біздің не үшін есінейтініміз жайлы сұрақты бізге дейінгі 4 ғасырдан бастап зерттеп келеді. Гиппократ бұл туралы былай дейді: «біз лас ауаны сыртқа шығарып, таза ауаны жұтамыз». Ал қазіргі тілмен түсіндірсек, бұл қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі және оттегімен толығып қалғандығы деп есептейді.  Бұл түсініктер бәрібір біз шаршаған кезде неге есінейтініміздің жауабын бере алмайды. Логикалық тұрғыда бұл миға оттегі керек деген белгі деп қарастырылады, бірақ есінеген кезде мидағы оттегі ешқандай өзгеріске түспейді.  Сонымен неге есінейміз? Жауап жоқ. 

Оңқайсыз ба әлде солақайсыз ба?  Жер бетіндегі адамдардың 15% солақай боп туады. Бұл адамдар сіз пайдаланып жүрген оң қолдың орнына сол қолын қолданады. Ең қызығы олардың бәрі тек қана сол қолымен жұмыс жасамайды. Біреулер сол қолымен жазып, оң қолымен жұмыс жасайды. Осы жағы ғылым үшін әлі түсініксіз.  Сіз оңқай және солақайдан бөлек, екі қолымен де жұмыс жасай алатын балалардың дүниеге келетінін білетін боларсыз. Ендеше бізде не дұрыс емес?  Теорияға жүгінсек бұл біздің тіліміз атқаратын функцияға байланысты. Біздің миымыз үшін тілдің атқаратын функциясы өте маңызды. Бұдан бөлек мидың екі бөлігіне байланысты айтылады: оң жақпен жұмыс жасайтын адамдардың сол жақ ми қыртысы жақсы дамыса, солақайлар үшін оң жақ ми қыртысы жақсы дамиды. Бірақ бұл дәлел де толық жауап бере алмайды.  Дарвин ілімін жақтаушылардың айтуынша, маймылдар оң қолын жиі пайдаланды және олар эволюцияға түсіп адам болған кезде оң жақ қолдың жұмысына үйреніп қалған, әдет болып қанға сіңген, содан бір қалыппен қалып кеткен деп түсіндіреді.  Сіз не дейсіз, жас ғалым? 
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу