ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Қаңтар» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

«Қаңтар» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

 Бүгін жылдың үшінші күні болса, сонымен қатар қыстың екінші айы. «Қаңтар» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Осы және өзге де сұрақтың жауабын іздеп көрелік.

Қаңтар – түріктердің сөзі. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай бұл айды "қаңтар" деп атаған. Бұдан кейін күн қайта ұзара бастайды. Дана халқымызда "қаңтарда күн қарға адым ұзарады" деген сөз осыған дәлел. Қаңтарда қазақ халқында той-томалақ, мереке, думан мүлде болмайды деуге болады. Қыс қаһарына мініп, ерекше суық ауа райы ауыл арасындағы байланысты ажыратып, адамдар осы айды үйде өткізетін еді. Қаңтар ауыл адамдары үшін бейнетті мезгіл. Мал төлдеп, сақманның басталар уақыты қаңтардың сарышұнақ аязына дөп келеді. Сонымен қатар, қаңтар ортасынан асқанда орыс халқының дәстүрі бойынша ерекше суық аяз жүреді. Осы айда қытайлықтардың суық мезгілде тойлайтын дәстүрлі мерекелері де бар. Қаңтар Жердің солтүстік бөлігіндегі жылдың ең суық айы ретінде тіркелсе, оңтүстік бөліктегі ең жылы ай екен. Статитикалық мәліметтер бойынша, дүние жүзінде некеге отыру рәсімі мүлде аз өтетін ай – ол қаңтар.
Дереккөз: massaget.kz

Пікір: 0
Пікір қосу